Туған жерінен жырақта өсіп келе жатса да, бала жүрегі Отанын аңсайды. «Қазақстанға барамын. Анам 12-13 жасқа толғанда алып барамын деп сөз берді...»,-дейді шетел асқан қазақ бүлдіршіндерінің бірі.
Ал, ондағы ата-ана бауырына басқан баласының: «Осындағы қазақ жастарымен көбірек араласқанын қалаймын...».
Баласын жетімдер үйіне өткізерде ешбір дерек қалдырмаған жандардың бірі – Мәдинаның анасы.
Мәдинаны асырап алған шетелдік ана баланың ата-анасы, туыстары туралы ешқандай деректің жоғын айтады.
Бүгін 10:50-де «Шетелдегі қазақ балалары» хабары Чикаго қаласында өмір сүріп жатқан Махаббат, Мәдина, Әділет, Салтанат есімді бүлдіршіндердің тағдырына тоқталмақ.