«Ғасырлар үнінде» - Мұхит әндері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ғасырлар үнінде» - Мұхит әндері

19.10.2014
«Ғасырлар үнінде»  - Мұхит әндері

Халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы Мұхит Мералыұлы ауқатты отбасынан шыққан. Мұхиттың туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер шетінен өнерпаз адамдар болған. Олар әнші, күйші, әрі скрипкада да ойнаған.

Алайда, өмірін өнер жолына арнаған тек Мұхит болды. Ол ел ішіндегі той-жиындарда, ұлан-асыр жәрмеңкелерде домбыра тартып, ән салды. Орынбор, Қостанай, Жаманқала, Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау облыстарын аралап, даңқы шықты. «Әнші Мұхит»,  «Сал Мұхит»  атанды.

Ол уақыт, қоғам, өмір туралы «Дүние-ай», «3әуреш» әндерін шығарды. «Паң көйлек», «Қыпшақ», «Дөң асқан», «Кербез» әндері Мұхиттың әншілік өнерінің сан-қырлы жаратылысын, табиғатын ашады.

Мұхит сұлу ат мініп, сәнді киінген. Жанына  ойыншы, саятшы, палуан, зергер, жыршы, күйшілерді ертіп жүрген, шәкірттері де көп болған.

Бүгін 18.30-де «Ғасырлар үнін» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу