Семейде Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтті

06.10.2014
Семейде Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін халықаралық турнир өтті

Семейде Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін өткен халықаралық турнирде абсолютті салмақ санатында «Қазақстан барысы-2013» Айбек Нұғымаров жеңіске жетіп, бас жүлде - автокөлікке ие болды, деп хабарлады Семей қаласының әкімдігі.

«Соңғы жылдары біздің ұлттық спорт ойындарымыз күшті дамып келеді, оған Семей қаласында қазақша күрестен Х Азия чемпионатының өтуі дәлел. Бұл чемпионатқа 17 елден спортшылар қатысты. Шығыс Қазақстан облысының тумасы ретінде менің інілерім - палуандар «Қазақстан барысы» атанған Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновтың  табыстары қуантады. Жыл асқан сайын республикада спорттың осы түрімен айналысатын палуандар қатары өсіп келе жатқанын атап өткім келеді», - деп пікірімен бөлісті Дәулет Тұрлыханов.

Хабарламаларға жазылу