2015 жылғы «Болашақ» халықаралық шәкіртақы иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылғы «Болашақ» халықаралық шәкіртақы иегерлері анықталды

22.06.2015
2015 жылғы «Болашақ» халықаралық шәкіртақы иегерлері анықталды

2015 жылы республикалық комиссияның шешімі бойынша 600 шәкіртақы тағайындалған. Статистика бойынша жылына «Болашақ» бағдарламасына 2 мыңнан аса азамат құжат тапсырады. Жалпы, бағдарламаны жүзеге асыру кезінде 11 мың 126 шәкіртақы тағайындалып, 7 мың 929 маман дайындалған.

Бағдарлама түлектерінің 98 пайызы жұмыспен қамтылды, олардың 45 пайызы өздерінің білім-біліктерін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда пайдалануда, ал 2,5 пайызы ұлттық компанияларда, 11 пайызы халықаралық ұйымдарда, 39,5 пайызы жеке секторда жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 13 сәуірінде «Болашақ» халықаралық шәкіртақысын тағайындау үшін құжаттар қабылдана бастады. Құжаттарды қабылдау биылғы жылы 3 кезең бойынша жүргізілуде. Олар: 12-сәуір мен 8-мамырды, 8-маусым мен 10-шілдені және 10-тамыз бен 1-қазанды қамтиды. 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы – Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен азаматтардың озық шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі оқу формасы бойынша оқуы үшін немесе шетелдік ұйымдарда ғылыми, педагогикалық, инженерлік-техникалық және медициналық қызметкерлердің  тағылымдамадан өтуі үшін 1993 жылы құрылған халықаралық стипендия.

Хабарламаларға жазылу