«Шабыт» фестивалі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шабыт» фестивалі басталады

03.11.2015
«Шабыт» фестивалі басталады

Бүгін  «Шабыт» XVIIІ Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің салтанатты түрде ашылуы өтеді. Биыл конкурсқа 388 үміткер қатысады. Сонымен қатар, бас жүлдегер иесі - 250 мың теңгені алады. Бірінші орын иегерлері - 200 мың, екінші орын иегерлері – 150 мың және үшінші орын иегерлері – 100 мың теңгеден алады.

«Жыл сайын «Шабыт» жастар шығармашылық фестиваліне қызығушылық арта түсуде. Байқауға қатысуға ниет білдіргендердің саны артуда. Биылғы жылы жаңа аталым  «Спорттық бал биін» енгіздік», - деді Астана қаласы Мәдениет басқарманың басшысы Болат Мажағұлов.

Конкурсанттардың талантын Қытай, Германия, Израиль, Италия, Беларусь, Ресей және Қазақстаннан шыққан атақты әртістер, профессорлар,  әлемге танымал өнер майталмандары бағалайтын болады. Сонымен қатар, қазылар алқасы мүшелері шеберліктерімен бөліседі.

«Шабыт-2015» XVIIІ Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі 2015 жылдың 3 қараша күні сағат 19.00-де «Конгресс-холлда» өтеді.
 

Хабарламаларға жазылу