ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары 125 балды бес оқушы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары 125 балды бес оқушы алды

10.06.2015
ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары 125 балды бес оқушы алды

Қазақстан Республикасында Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталды. 2-8 маусым аралығында өткізілген ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл - 79,4. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда (76,9) 2,5 пайызға жоғары.

Сондай-ақ, осы жылы 100 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар саны 2,4 пайызға өсті.

50 балдық шеткі деңгейлік балды жинаған түлектер саны 4,5 пайызға көбейді, яғни, 67 497 оқушы (81,4 пайыз), ал, 2014 жылы олардың саны 67357 (76,9 пайыз) болды.

ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары 125 балды 5 оқушы алды: Ердосова Гүлнәз Жандосқызы - Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі; Мұстафина Риана Еркінқызы - Астана қаласы №59 мектеп-лицейі; Самат Сымбат Куанышқызы - БҚО Теректі ауданының «Үміт» лингвистикалық гимназиясының түлегі, Лаура Абдазимова - ОҚО Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі; Яковлева Анастасия Владимировна - Алматы қ, №90 лицейі.

Ал, 2014 жылы ең жоғары нәтижені төрт түлек көрсеткен, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу