Ақтауда Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды

01.09.2015
Ақтауда Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды

Ақтауда химия-биология бағытында білім беретін Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды.

Ғимаратта жаңа оқу құралдарымен жабдықталған 54 оқу кабинеті, 24 зертхана бар.

Мектепте заманауи бағыттағы сабақтар өткізіледі, ақпараттық орталық жұмыс істейді. 300 шаршы метрлік аумақ «Биология» пәнінен дәрістер өткізілетін, конференц-зал әрі балалар демалатын орынға айналмақ. Білім ошағы үлкен кітапхана, екі спорт залы, спорт алаңдары, теннис корты, 360 орынға арналған асханамен қамтылған.

Шалғайдан келген 120 балаға арналған интернат та ашылған. Зияткерлік мектепте оқушылардың тұлға болып қалыптасуына барлық жағдай жасалған.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу