Литва кітапханасында Абай атындағы оқу залы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Литва кітапханасында Абай атындағы оқу залы ашылды

24.09.2020

Литва астанасы Вильнюсте ұлы Абайдың құрметіне оқу залы ашылды. Адам Мицкевич атындағы қоғамдық кітапханадағы «Абай жинағы» залының ашылуына Литва парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері мен дипломаттар қатысты. Сан ғасырлық тарихы бар кітапхана ішіндегі Абай залында оқырмандар ақынның шығармашылығымен етене таныса алады. Қазақтың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, Қазақстанның өткені мен бүгінінен сыр шертетін құнды еңбектер де сөрелерде самсап тұр.  

Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі оқу залында жақын күндері Литва тіліндегі «Абай жолы» мен Әнуар Әлімжановтың әл-Фараби туралы «Ұстаздың оралуы» романдарының тұсаукесерін өткізбек.

Эдмундас Пупинис, Литва парламентінің депутаты, «Қазақстан-Литва» парламентаралық достық тобы төрағасының орынбасары:

- Ол тек қазақтың ұлы философы, бас ақыны ғана емес, ол -адамзаттың Абайы. Қазақ данышпаны демократия, заңның үстемдік етуі туралы, адамдарға оқу-білімнің маңыздылығын осыдан ғасыр бұрын айтып кеткенін жаһан жұрты білуі тиіс.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу