Астанада өтіп жатқан Кредиттік серіктестіктер жетекшілерінің 10 күндік оқу курсына қатысушылардың бірі Целиноград несие серіктестігінің төрағасы Сағадат Әшірбеков бұл бағытта шетелдік тәжірибені де енгізу керегін айтады.
«Бүгінгі таңда елімізде 170 несие серіктестері бар. Несие серіктестігінің негізгі мақсаты – Үкіметтен берілген қаржыны шаруа қожалықтарына жеткізу. Банктер ауыл шаруашылығына көп бара қоймайды және ауылдық жерлерде кепілдік жағы жеткіліксіз. Болған күннің өзінде оның құны жоқ. Ауыл шаруашылығының осы мәселелеріне ең алғаш қол ұшын созған – несие серіктестері болды».
«Келешектегі мақсат – әр озық елдің тәжірибесін өзімізге алып келу. Мысалы, көрші Ресейде де несие серіктестіктері бар. Бірақ, үкімет тарапынан оларға ешқандай қаржы берілмейді. Сондықтан, ең бірінші мәселе – қаржы өзіміз басқа жақтан іздеп, шаруа қожалықтарына жеткізуіміз керек»,-дейді Сағадат Әшірбеков.