«Биылғы жүгіруге Алматы, Астана, Шымкент қалаларының тұрғындары қатысады. Қатысушылардың саны рекордты көрсеткішке жетті», - деді «Posadiderevo.kz» қоғамдық ұйымының өкілі Дәурен Жолдасбаев.
Жүгіру маршруты ҚР Тұңғыш Президенті паркінде 5 станция арқылы өтеді. Еріктілер өз кезегінде қатысушыларды түрлі-түсті бояу ұнтақтарымен шомылдырмақ. Бояу-ұнтағының негізгі құрамы крахмал болғандықтан, экологиялық таза өнім. Биылғы кроссқа 8 тонна бояу дайындалған.
«ЯРКОкросс» Қазақстанда 2013 жылдан бері өтіп келеді.