«Күрке» фильмі арнайы дипломмен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Күрке» фильмі арнайы дипломмен марапатталды

01.06.2015
«Күрке» фильмі  арнайы дипломмен марапатталды

21-24 мамыр аралығында Ресейдің Чита қаласында өткен Ү халықаралық кинофестивальде режиссер Кенжебек Шайқақовтың «Күрке» фильмі  кинематографиялық шешімі үшін қазылар алқасының арнайы дипломына ие болды.

Айта кетейік, туынды былтыр Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен «Дидор»  халықаралық кинофестивалінен жүлделі оралған еді. Сонымен қатар, жыл  басында Қазақстан кино сыншыларының ұйымдастыруымен өткен бірінші «Выбор критиков» киномарафонында, таңдаулы жиырма фильмнің ішінен «Жылдың үздік сценарийі» аталымын жеңіп алды.

«Күрке» фильмi 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында, киелі Қазығұрт тауының баурайында «Аманат.kz» продюсерлік орталығының қолдауымен түсірілген. Фильмнiң бас кеңесшiсi – Берiк Уәли.

Хабарламаларға жазылу