«Рухани Қазына-2020» байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Рухани Қазына-2020» байқауының жеңімпаздары марапатталды

08.10.2020

Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері арасында өткен «Рухани қазына-2020» байқауының жеңімпаздары белгілі болды. Биыл үшінші рет ұйымдастырылған республикалық дода онлайн тәртібінде өтті. Байқауға еліміздің түкпір-түкпіріндегі музей, кітапхана мен мәдени ойын-сауық ошақтарынан 259 өтініш түскен. Нәтижесінде 50 аталым бойынша үздіктер анықталды. Олар дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бұдан өзге топ жарған өнерпаздар биыл алғаш рет арнайы жүлделерге ие болды.

Ғалия Сламбайқызы С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапхананың директоры:
Топтан үздік боп жарып шыққанымызға қуанышымыз шексіз. Менің ғана марапатым емес, бүкіл Алматы облысының марапаты деп есептеймін.

Дарын Сағитов

Рухани қазына

Хабарламаларға жазылу