Бүгін аналардың алғашқы форумында «Anashym-2015» мәртебесіне лайық ана анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін аналардың алғашқы форумында «Anashym-2015» мәртебесіне лайық ана анықталады

30.05.2015
Бүгін аналардың алғашқы форумында «Anashym-2015» мәртебесіне лайық ана анықталады

Бүгін Алматыда «Anashym» айбынды аналардың алғашқы форумы өтеді. Шараға 300-ден астам ана қатысады деп күтілуде.

Шарада талқыға түсетін тақырыптар - әлдилі әйелдің әулеті мен дәулеті, ана жауапкершілігі, аналардың тайм-менеджменті, теледидар, заманауи техника мен технологияның бала психологиясына әсері.

Сондай-ақ, форум барысында  аналар, сарапшылар, қоғамдық ұйым өкілдері және мемлекеттік қызметкерлер  ата-аналардың көкейтесті сауалдарына жауап береді.

Форум спикерлері - «Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы, продюсер Баян Есентаева, тележүргізуші Адель Оразалинова, кәсіпкер Ақнұр Жұмабаева, әлеуметтік жобалардың продюсері Разия Хасанова, психолог Евгения Аранджи,  журналист Дана Орманбаева  және кәсіби коуч Мадина Билялова.

Шара аясында «Anashym Forum Awards»  жүлдесін табыстау рәсімі өтеді. Бұл сыйлық  - бала күтіміне байланысты еңбек демалысында отырса да, қоғам өміріне атсалысып, әлеуметтік, қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырып, сан мақала жазып, өнер мен мәдениетті жаңғыртуға еңбектеніп жүрген белсенді аналарға арналған алғашқы марапат. 

Биылғы тізімге 28 ананың есімі енген. Олар 7 аталым бойынша марапатталады. Ал, жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталады.

Сондай-ақ, қазылар алқасы «Anashym-2015» мәртебесіне лайық ананы анықтайды.

Хабарламаларға жазылу