Нұрсұлтан Назарбаев «Жыл адамы» сыйлығына ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев «Жыл адамы» сыйлығына ие болды

10.12.2015
Нұрсұлтан Назарбаев «Жыл адамы» сыйлығына ие болды
Нұрсұлтан Назарбаев «Жыл адамы» сыйлығына ие болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде «Жыл адамы» атанды. Президентті мұндай сыйлыққа лайық деп тануға оның халықаралық саясаттағы жетістіктері, арағайындық қызметі мен Еуразиялық экономикалық одақты нығайтуға сіңірген еңбегі себеп болса керек.

Нұрсұлтан Назарбаев «Жыл адамы» сыйлығына ие болды

Ресейдің «Жыл адамы» ұлттық сыйлығын Орыс биографиялық институты мен Экономикалық стратегиялар институты тағайындаған.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл сыйлықпен осымен үшінші рет марапатталып отыр. Алғаш рет 2012 жылы осы сыйлыққа лайық деп танылса, одан соң 2014 жылы «Жыл адамы» атанған. Сыйлықты тағайындаушылар Президенттің Ресейде «Жыл адамы» атануына оның беделінің көрінісі екендігін айтуда. Ресейліктер Нұрсұлтан Назарбаевты құрмет тұтады. Әрі ол Ресейде өте танымал тұлға.

2015 жылы «Жыл адамы» сыйлығы Елбасымен қатар Беларусь президенті Александр Лукашенкоға, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге, Куба Президенті Рауль Кастроға, Татарстанның алғашқы президенті Минтимер Шаймиевке, академик Лео Бокерияға, кинорежиссер Никита Михалковқа және өзге де қайраткерлерге берілді.

«Жыл адамы» ұлттық сыйлығын Орыс биографиялық институты 1993 жылы бекіткен болатын. Сыйлық стратегиялық мәні бар – ғылым, мәдениет, мемлекеттік басқару, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, қайырымдылық, ағартушылық қызмет салаларындағы жетістіктері үшін беріледі.


Kaznews.kaztrk.kz

фото inform.kz сайтынан алынды

Хабарламаларға жазылу