Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті

29.05.2015
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті

Сондай-ақ, кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қозғалды.

Қазақ Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істей бастағанына, оған зор үміт артылып отырғанына назар аударды.

Д.Медведев Президент В.Путиннің сәлемін жеткізді және Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен тағы да құттықтай отырып, Елбасына сайлаудан кейін Ресейге сапарлап келгені үшін алғыс айтты.

Ресей Үкіметінің төрағасы екі елдің мақсаттары Еуразиялық экономикалық одақты дамытумен байланысты екеніне тоқталды.

Ресей Үкіметінің төрағасы Қазақстанда қолға алынған 5 институционалды реформа мақсатының өршілдігі мен үйлесімділігіне назар аударып, оның жүзеге асыру ісіне табыс тіледі.

Хабарламаларға жазылу