Премьер-Министр Асқар Мамин Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Асқар Мамин Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті

08.09.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапары аясында Премьер-Министр Асқар Мамин Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.

Екі елдің Премьер-Министрлері сауда-экономикалық, инвестициялық, индустриялық және аймақаралық ынтымақтастықты одан әрі арттыру келешегін талқылады.

Асқар Мамин, сонымен қатар «Ресей темір жолдары», және бірнеше ірі компанияның басшыларымен келіссөздер жүргізді. Жобаларға инвестициялар салу барысындағы өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы алаңын бірлесіп пайдалану сияқты мәселелер талқыланды.


Хабарламаларға жазылу