Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев Д.Медведевті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев Д.Медведевті қабылдады

06.03.2020

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездесті. Екеуара әңгімеде әріптестік қарым-қатынасты одан әрі нығайту жайы сөз болды. Кездесу барысында мейман Мәскеуде өткен Сирия мәселесіне қатысты Ресей-Түркия басшылары келіссөздерінің маңызына тоқталды. Бұл ретте Елбасы Сирия дағдарысын реттеу бойынша Астана процесін жалғастыруға қолдау танытатынын айтты.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дмитрий Медведев екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалын талқыға салып, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Өз кезегінде Президент мәртебелі мейманды жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтады. Тараптар күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, коронавирус індетінің таралуына қарсы күресу үшін жасалып жатқан шаралар туралы пікір алмасты.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу