Алматыда Әділ Сламхан мен Дана Маханбаеваның «Егізім» атты ән кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Әділ Сламхан мен Дана Маханбаеваның «Егізім» атты ән кеші өтеді

28.05.2015
Алматыда Әділ Сламхан мен Дана Маханбаеваның «Егізім» атты ән кеші өтеді

30 мамыр күні Республика сарайында  Әділ Сламхан мен Дана Маханбаеваның «Егізім» атты ән кеші өтеді. Осыған орай жұлдызды жұп бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, шығармашылықтарындағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Бұл концертке екі жылдан бері дайындалып келеміз. Осы кешті өткізуге үлкен  команда атсалысуда. Музыкалық жағын басқарып отырған Әсет Масабаев, режиссер Алтынбек Рахметов, киім жағына жауап беретін Берік Исмаилов сынды ағаларымыз көмектесіп жатыр»,-дейді кеш иелері.

«Кеште көрерменге кейінгі жылдары жазылған жаңа әндерімізді ұсынамыз. Сондай-ақ, Дана домбыра шерте білетін қырымен де танылмақ. Халық көбіне Дананы эстрада әншісі ретінде біледі, негізі ол домбыра бағытында білім алған. Концертте осы қырын да танытпақпыз. Одан бөлек, сахнаның безендірілуі де ерекше болмақ»,-дейді Әділ Сламхан.

«Алдағы жоспарымыз – Қытайға барып концерт беру. Сонымен қатар, Қазақстанның басқа да аймақтарын аралаймыз».

«Тағы бір жаңалық – Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қыркүйек айында Астанада жеке концертімді бермекпін», дейді Әділ Сламхан.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу