14 мамырда Астанада ақын Серік Сейітманның кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

14 мамырда Астанада ақын Серік Сейітманның кеші өтеді

10.05.2018

14 мамырда Астанада ақын Серік Сейітманның «Қарашаңырақ» атты ән-жыр кеші өтеді. Осыған орай белгілі журналист, қаламгер бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды.

«2014 жылы «Қарашаңырақ» атты кітабым жарық көрді. Биыл 14 мамыр күні осы атаумен ән-жыр кеші өтеді. Кешке менің сөзіме жазылған әннің орындаушылары қатысады. Қазір шоу көбейіп кетті. Кештің айырмашылығы – елге рухани азық сыйлау. Бұл тек ән кеші емес, ақынның жыр кеші. 

Қарашаңырақ – қасиетті ұғым. Қарашаңырақ - әулеттің басы ұйысатын жер.  Астана – қазақ елінің қарашаңырағы», - дейді ақын.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу