Дүниежүзілік бокс сериясына қатысып жатқан «Астана арландары» мен «Russian Boxing Team» клубтары жартылай финалдық бәсекеде шаршы алаңға шығатын боксшылар тізімін жариялады.
Бірінші күн:
49 кг: Теміртас Жүсіпов (Мардан Берікбаев) – Вадим Кудряков (Доржо Раднаев)
56 кг: Қайрат Ералиев (Мейірболат Тоитов) – Владимир Никитин (Андраник Григорян)
64 кг: Самат Бәшенов (Асхат Уәлиханов) – Григорий Лизуненко (Авак Узлян)
75 кг: Мейірім Нұрсұлтанов (Жәнібек Әлімханұлы) – Сухроб Сидиков (Петр Хамуков)
91 кг: Василий Левит (Еркін Мұхамеджан) – Виталий Кудухов (Евгений Тищенко)
Екінші күн:
52 кг: Олжас Сәттібаев (Мирас Жақыпов) – Карен Арутюнян
60 кг: Зәкір Сафиуллин (Ержан Мусафиров) – Артур Субханкулов
69 кг: Асланбек Шымбергенов (Данияр Елеусінов) – Якуб Нуриев
81 кг: Нұрдаулет Жарманов (Али Ахмедов) – Эдуард Якушев
+91 кг: Иван Дычко (Филипп Хргович) – Руслан Шамалов
Егер, есеп тең жағдайда аяқталатын болса 91 келі салмақтағы боксшылар қосымша бір жекпе-жек өткізеді. Бірақ, қосымша кездесуге шығатын боксшылардың есімі әзірге белгісіз.
Топтық кезеңде «Астана арландары» «В» тобында бірінші орын алып, жартылай финалға тікелей жолдама алған. Ал, «Russian Boxing Team» клбы «А» тобында екінші орын иеленіп, ширек финалда «В» тобында үшінші орын иеленген «Italia Thunder» боксшыларымен жұдырықтасты. Мәскеуде өткен ширек финалда ресейліктер италиялықтарды 9:1 есебімен ұтты.
WSB жобасының 2012 жылығы жартылай финалында «Астана арландары» «Динамо Мәскеу» клубынан 3:7 есебімен жеңілген.
Ал, былтырғы бәсекеде «Астана арландары» мен «Russian Boxing Team» «В» төбында сынға түскен. Топтық кезеңдегі екі кездесуде де «Астана арландары» жеңіске жеткен. Мәскеуде өткен алғашқы жекпе-жекте «арландар» 3:0 есебімен жеңіске жеткен болса, Алматыда өткен екінші кезедсуде «Астана арландары» ресейлік боксшыларды 5:0 есебімен ұтқан.
Екінші жартылай финалдық бәсеке Кубада жергілікті «Cuba Domadores» клубымен «Mexico Guerreros» арасында өтеді. Жекпе-жектер 21-22 мамыр күндеріне белгіленген.
Финал маусым 11-12 күндері өтеді. Финалдың қосымша жекпе-жекгі 56 келі салмақ дәрежесі болып бекітілген.