«Астана арландары» мексикалықтармен жекпе-жекке шығатын құрамын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» мексикалықтармен жекпе-жекке шығатын құрамын жариялады

30.01.2014
«Астана арландары» мексикалықтармен жекпе-жекке шығатын құрамын жариялады

Қазақстандық «Астана арландары» бокс командасы келесі кездесуін «Mexico Guerreros» командасымен өткізеді. Осыған орай астаналық клуб аталмыш кездесуге өз боксшыларын сайлап қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.

52 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Мирас Жақыпов мексикалық боксшы Элиас Эмигдиомен шаршы алаңға шығады.

«Арландар» капитаны Самат Башенов 60 келі салмақта Линдолфо Дельгадо Гарзамен жұдырықтасса, 69 келіде Манат Әмірзақов Марвин Кабрерамен күш сынасады.

Ауыр салмақтарда «Астана арландары» намысын екі хорватиялық алып қорғамақ. 81 келіде Хрвое Сеп мексикалық клубтың легионері Петр Чебанумен жекпе-жекке шығады. Ал аса ауыр салмақта Филипп Хргович мексикалық Херардо Мигель Бисбальмен жұдырықтаспақ.

Матч 7 ақпанда Мексикада өтеді. Оған дейін «Астана Арландары» 1 ақпан күні Алматыда «Russian Boxing Team» командасымен кездеспек. 

Жекпе-жекті тікелей эфирде «KAZsport» телеарнасы көрсетеді. Басталу уақыты – 19:30.

Хабарламаларға жазылу