Өзге зияткерлік сайыстардан отбасыларды қамтуымен ерекшеленетін «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалды сайысына тек білімді ғана емес, сонымен қатар, көңілді, тапқыр, тату да талантты жандар қатысады.
5 кезеңнен тұратын интеллектуалды шоу барысында Қазақстан тарихы, қазақтың салт-дәстүрлері мен мәдениетіне және жалпы дүниетанымға байланысты сұрақтар қойылады.
Бүгін 13:00-де «Білгірлер бәйгесінде» Жамбыл облысы мен Астананың білімді әулеттері бақ сынайды. Білгірлерді Ұлттық арнамен бірге анықтаңыз!