Өліммен бетпе-бет келген өрімдей қыздың рөлін жас әртіс Жәудір Сарыпбекова сомдады.
Трагедиялық қойылымның желісі бойынша Әлияның туған күнінде ағасының майданға аттануы баяндалады. Соңынан 18 жастағы қыз да өз еркімен сұранып, ағасының соңынан ереді. Соғыс алаңында бойжеткен құралайды көзге атқан мергендігімен танылды.
Жауынгерлер арасында жүріп ағасының жолдасы, өзінің ғашығы Ерлан Таймановты кезіктіреді. Шығарманың қоюшы-режиссері Иманәлі Сапаровтың айтуынша, басты кейіпкердің жанын мейлінше нәзік етіп көрсетуге тырысқан.
Тарихи шығарманы тамашалауға жиналғандардың да қарасы қалың. «Әлияны» көруге өмірінің 70 жылын сахнаға арнаған Халық әртісі Айша Абдуллина келді.
Фото: kz.otyrar.kz