Астанада «Шоқан» қойылымының премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Шоқан» қойылымының премьерасы өтті

20.06.2015
Астанада «Шоқан» қойылымының премьерасы өтті

Тұлға бейнесі Сәбит Мұқанов пен Шота Уәлиханов шығармаларының негізінде сахналанған. Спектакльде Шоқанның кадет корпусындағы өмірінен бастап, ғұмырының соңғы кезеңдеріне дейінгі аралық суреттелді.

Сонымен қатар, ғалымның жан тербетер ішкі ойлары мен замандас достарымен сұхбаты қойылымның мазмұнына арқау болған. Патша өкіметінің қара пиғылды солақай саясатына тікелей қарсы шығып, әділдіктің жағында болған нар тұрғалы қайраткердің есімі мәңгілік халық жадында.

Хабарламаларға жазылу