Алматыда «Лир патша» қойылымының премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Лир патша» қойылымының премьерасы өтті

29.04.2022

Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры әлемдік қойылымды алғаш рет өзгеше форматта сахналады. Терең ойға қалдыратын жаңа спектакль ағылшын жазушысы Шекспирдің трагедиясы негізінде жазылған. Әлем сахналарының жауһары саналатын «Лир патша» көркемдік идеяға бай, әр кейіпкер өзгеше ерекшелікке ие. Қоюшы режиссер Фархат Молдағалидің сөзінше, бұл нұсқаның ерекшелігі қазіргі қоғамның шынайы көрінісін астарлап жеткізу, көркемдік шеберлікпен ұштастыру. 4 айда дайындалған тың туындыға 50-ден астам актер қатысты.

Фархат Молдағали, режиссер:
Король Лир төрт ғасыр бұрын жазылған.Бүгін қойылуы бүгін актуальды болып тұр. Король Лирдің бүгінгі тақырыбы дәл бүгінгі күн. Біз мұны қазаққа жақындатамыз.Одан кейін қайтадан Британияны еске аламыз.Одан кейін қайтадан бері әкеліп бүгінгі күнге алып келеміз.+ сонысымен де ерекше болып тұр.



Хабарламаларға жазылу