Әзірбайжанның астанасы Бакуде дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирі өтуде. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Рустам Ыбраев алғашқы айналымда швейцариялық Людовик Чамартинді, ал келесі кездесуде австралиялық Людвиг Пайшерді жеңді.
Жартылай финалға жолдама үшін ол Әзібайжанның атақты палуаны, Әлем біріншілігінің қола жүлдегері, әлемдік рейтингіде үшінші тұрған Орхан Сафаровтан басым түсті.
Жартылай финалда Рустам германиялық дзюдошы Тобиас Энглмайерді жеңіп, финалға жолдама алған. Ал, финалда Франция спортшысы Винсент Лимарды ұтты.
Айта кетейік, Рустам Ыбраев бір жыл бұрын «Үлкен дулыға» турнирінде қола медаль иеленген еді.
Бакуде 8-10 мамыр аралығында өтетін «Үлкен дулыға» турнирін «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.