Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында өткен кикбоксингтен әлем чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында өткен кикбоксингтен әлем чемпионаты аяқталды

10.10.2022

Италияның Лидо-ди-Езоло қаласында өткен кикбоксингтен әлем чемпионаты аяқталды. 30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында өткен жарыста Қазақстан құрамасы 51 медаль жеңіп алды. Еліміздің жасөспірімдер мен жастар құрамасы жалпы есепте 9 алтын, 19 күміс және 23 қола медаль иеленді. Олардың ішінде жасөспірімдер құрамасы 4 «алтын, 4 «күміс» және 10 «қола» алса, жастар құрамасы 5 «алтын», 15 «күміс» және 13 «қола» жеңіп алды. Олар фулл-контакт, лоу-кик және К-1 секілді үш бөлім бойынша сынға түскен. Чемпионатқа әлемнің 63 елінен 735 спортшы қатысты.  

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу