«Бүгінде ел спортына барлық жағдай жасалған. Лондон Олимпиадасында 205 мемлекеттің ішінде 12-ші орын алу, 7 алтын медаль иелену деген қазақ тарихында болмаған құбылыс. Ал, бұл Елбасы мен халықтың бірлігінің арқасында қол жетіп отырған жетістік. Осы қарқыннан таймаса, біздің азаматтарымыз әлі талай сайыста чемпион болады»,-дейді Жақсылық Үшкемпіров.
«Әрбір ауылды бір-бір азамат ұстаса, спортқа жағдай жасалады. Өзімізді өзіміз жарылқамасақ, сырттан келген біреу жарылқамайды. Өзімізді өзіміз мақтап, қолдап, азаматтарға сенім артуымыз қажет. Әр азамат бір-бір ауылда спорт кешендерін салса, нағыз чемпиондарды шығаруға болады».
«Күрестен Қазақстан құрама командасы жуырда Катарға Азия ойындарына аттанады. Кеше солармен кездесіп: «Мен бір жапырақ болып, Олимпиада чемпионы атандым ғой, сендер таудай-таудай болып, неге чемпион болмайсыңдар? 35 жыл өтті, содан бер бір қазақ азаматы шығуы керек қой», деп намыстарына тидім. Оларда да намыс бар, ертең-ақ Азия чемпионы болып келетіндеріне кәміл сенемін»,-дейді чемпион.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.