Жақсылық Үшкемпіровтың соңғы сұхбаты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жақсылық Үшкемпіровтың соңғы сұхбаты

09.08.2020

«Qazaqstan» телеарнасы бүгін көпшілік назарына Жақсылық Үшкемпіровтің соңғы сұхбатын ұсынады. Олимпиада чемпионы қайтыс боларынан аз ғана уақыт бұрын телеарна тілшісімен сұхбаттасқан еді. Түсірілім кезінде әпкесінің қазасы туралы суық хабар алып, есеңгіреп қалса да, ерік-жігерін жинақтап, әдеттегідей ағынан жарыла ақтарылған. Өнегелі өмірді паш ететін мәнді әңгімемен өрілген «Жақсылық Үшкемпіров. Соңғы сұхбат» арнайы хабарын «Ақпарат»-тан соң 20:30-да көре аласыздар.

Жақсылық Үшкемпіров, ҚР Еңбек ері, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы:

Осылай елдің ортасында болғанға не жетсін? Ешкімнен аспай, ешкімнен кем болмай. Қажымұқанның басына бардым, Балуан шолақтың ауылында боламын, ылғи. Бабаларымыздың басына барып құран оқытамын. Ырым ғой. Кейін ұрпақтар да бізді солай айтып отырады.


Хабарламаларға жазылу