Жақсылық Үшкемпіровтің Мәскеу Олимпиадасында алған медалі Ұлттық музейге тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жақсылық Үшкемпіровтің Мәскеу Олимпиадасында алған медалі Ұлттық музейге тапсырылды

18.03.2015
Жақсылық Үшкемпіровтің Мәскеу Олимпиадасында алған  медалі Ұлттық музейге тапсырылды

Бүгін республика бойынша «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы басталды.Шараға қатысушылар елімізге танымал тұлғаларға тиесілі заттарын музейге әкеліп тапсырды.

Шәмші Қалдаяқовтың бөрігі, Қадыр Мырзаәлидің қаламсабы, Қасым Қайсеновтің қылышы, Жақсылық Үшкемпіровтің Мәскеу Олимпиадасында алған алтын медалі.

Бұл - акцияның алғашқы күнінде мұражайға тапсырылған дүниелер.

Жалпы, шара басталғалы музей қорына 100-ге жуық жәдігер өткізіліпті. Акция жыл соңына дейін жалғасады.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу