Әбдіманап Оразбаев – Қазақстандағы алғашқы «археология және этнография» кафедрасын ашқан ғалым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбдіманап Оразбаев – Қазақстандағы алғашқы «археология және этнография» кафедрасын ашқан ғалым

30.04.2015
Әбдіманап Оразбаев – Қазақстандағы алғашқы «археология және этнография» кафедрасын ашқан ғалым

Археология сөзін ең алғаш Платон «өткен дәуірлер тарихы», деген мағынада қолданған. Арада ғасырлар өткенде бұл тарихи орындарды қазып-зерттеу туралы ғылымның атауына айналды. Ал, қазақтың археология ғылымы XVIII ғасырда Ресейдің отарлау саясатымен тікелей байланыста дамыды.

Қазақ жерінде 1733 жылы алғашқы археология ескерткіштері табылған. Ұлттық археологияның дамуына ғалым Әбдіманап Оразбаев айрықша үлес қосты.

Әбдіманап Оразбаев – этно-археолог ғалым. Тас, қола дәуірінен бастап, түркі қағанаты дәуіріне дейінгі және орта ғасырлардағы қалаларды зерттеп, Ақтөбе мен Баласағұн қалалары орнында қазба жұмыстарын жүргізді.

Ғалымның еңбектері Қазақ хандығының қалыптасуына себепші болған кезеңдерді зерделеуге ықпал етті.

«Қазақстанда алғаш болып, тарих факультетінде «археология және этнография» кафедрасын Әбдіманап Оразбаев ашты. Бұған дейін біз тарихшыларды Мәскеуде,  Ташкентте дайындадық. Отандық тарихымызды зерттеуге,  отандық археология мен этнологияның дамуына Әбдіманап Оразбаев  зор үлес қосты», дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Боранбайұлы.

Жыл сайын археология мен этнология саласы мамандарының басын қосатын VII  Әбдіманап Оразбаев оқулары биыл Алматыда өтті. 

Шараның мақсаты, көтерген  тақырыптары туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу