Қазақ елі Виктор Зайбертпен қоштасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ елі Виктор Зайбертпен қоштасты

22.04.2022

Бүгін Қазақ елі археолог-ғалым Виктор Зайбертті ақтық сапарға шығарып салды. Елордада өткен қаралы жиынға марқұмның туған-туыстары, әріптестері, билік өкілдері келіп, елеулі естеліктер айтты. Ботай мәдениетін ашқан әйгілі ғалым 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Виктор Зайберт жылқының қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеп, әлемге әйгілеген. Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясы бойынша 100-ден астам монография мен ғылыми мақала жазған. Ғалым өмірінің 40 жылдан астам уақытын еліміздің және бүкіл Еуразия құрлығының ежелгі тарихын зерттеуге арнады.

Ақан Оңғарұлы, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры:

Белгілі археолог, танымал тұлған Виктор Федорович Зайбертпен қоштасып отырмыз. Ол кісінің артында өте үлкен мектеп қалыптасты, қалды. Енді археология институты ретінде Қазақстандағы зерттеулерін, әсіресе дала өркениеті деп өзі қалдырған зерттеулерін жалғастырамыз. Солтүстік Қазақстанда осы институттың филиалын ашу жоспары бар. Сол арқылы ол кісінің ісін жалғастырмақ ойымыз бар.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу