Академик Сейіт Қасқабасов – 75 жаста - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Сейіт Қасқабасов – 75 жаста

05.10.2015
Академик Сейіт Қасқабасов – 75 жаста

Өмірінің жартысын қазақ фольклортану ғылымына арнаған ғалымның күні бүгінге дейін 500-ден аса мақаласы мен 100-ге тарта кітабы жарық көрген. Ол өз еңбектерінде қазақтың қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінің түп-төркіні дуалистік мифтерде жатқанын тарих, этнография, археология ғылымдарымен ұштастырып,  дәлелдеп берді. Шара барысында академиктің «Бес томдық таңдамалы шығармалары» жинағының тұсауы кесілді.

Бүгінге дейін ұстаздың ғылыми жетекшілігімен фольклортану, мәтінтану, әдебиеттану және өнертанудың мәселелеріне қатысты 11 докторлық, 23 кандидаттық диссертация қорғалған.

 

 

Алтынай СӘЛІМГЕРЕЙ                                               

Хабарламаларға жазылу