Алматыда «Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2015» атты форум өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2015» атты форум өтеді

28.04.2015
Алматыда «Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2015» атты форум өтеді

14-15 мамыр күндері  Алматыда «Орталық Азиядағы Интернет саласының дамуы InternetCA-2015» атты VI аймақтық Орта Азиялық форум өтеді. Іс-шара барысында Орталық Азия елдеріндегі интернеттің дамуы талқыланады.

Оған мемлекеттік органдар мен Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, академиялық орта өкілдері мен бизнес дипломаттар, белсенді интернет қолданушылар, журналистер, заңгерлер және Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей, Украина, Германия және Болгариядан келген интернет-сарапшылар қатысады.

Шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының және Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор Өкілдігінің демеушілігімен ұйымдастырылмақ.

Форумда талқыланатын негізгі тақырыптар:

Ақпараттық қауіпсіздік (негізгі тақырып);

Интернет желісіндегі мемлекеттік саясат;

Интернет желісін заңнамалық реттеу;

Ғаламдық желідегі ақпараттық соғыс;

Әлеуметтік идеяларды дамытуда жаһандық желінің рөлі;

Интернеттің заманауи коммуникация орнатудағы маңызы;

Интернет - коммуникация көмегімен білім беру;

Интернеттегі сөз бостандығы;

Интернет жәрдемімен репутация жасау жолдары;

Азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік желілердегі этика мәселесі;

Мультимедиалы контент жасауға арналған сервистер.

Хабарламаларға жазылу