Алматыда екінші рет «Synergy Global Forum» шарасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда екінші рет «Synergy Global Forum» шарасы өтеді

30.03.2018
Алматыда екінші рет «Synergy Global Forum» шарасы өтеді

28-29 сәуір күндері Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі «Synergy Global Forum» жиыны өтеді.  Шараның мақсаты – қазақстандық кәсіпкерлердің бизнесін және ел экономикасын дамудың жаңа сатысына көтеруге ықпал ету. 

Алғашқы рет форум өткен жылы Алматы қаласында өтіп,  «Almaty Arena» алаңына әлемдік танымал спикерлер мен Қазақстан, Ресей және  ТМД елдерінен 9000 кәсіпкерді жинаған болатын.

Биыл форум аясы былтырғыдан да кеңейе түспек: мінберге «Уолл-стрит көкжалы» атанған Джордан Белфорт, Apple-дың евангелисті Гай Кавасаки, кәсіпкер және  видеоблогер Дмитрий Портнягин, жеке тұлға мен бизнесті дамыту сарапшысы Ицхак Пинтосевич, ресейлік сынақшы-ғарышкер Сергей Рязанский, көшбасшылық және менеджмент саласы бойынша маманданған америкалық тренер Маршалл Голдсмит және т.б. шығып, бар білгендерімен бөліспек.

Спикерлердің баяндамаларынан бөлек, шара барысында Synergy Business Expo және Synergy Food Fest гастрономикалық фестивалі ұйымдастырылады. Форум әнші әрі композитор  Сосо Павлиашвилидің қатысуымен өтетін кешкі аспен аяқталады.

 

Хабарламаларға жазылу