Алматыда «InternetCA-2015» форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «InternetCA-2015» форумы басталды

14.05.2015
Алматыда «InternetCA-2015» форумы басталды

Алматыда 14-15 мамыр күндері дәстүрлі VI аймақтық Орталық Азиялық «InternetCA-2015 Орталық Азиядағы интернет-кеңістікті дамыту» форумы өтуде.

Шара барысында Орталық Азиядағы интернет-кеңістікті дамыту мәселелері  талқыланады. Оған мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, академия және бизнес ортаның өкілдері, интернет белсенділер, журналистер, сарапшылар және шетелдік мамандар қатысуда.

Форумда Орталық Азияның бес мемлекетінен басқа Болгария, Украина, Германия, Ресей және Еуропа одағы мамандары да спикер ретінде баяндама жасамақ.

Шараны ұйымдастырушы: Астана қаласындағы ЕҚЫҰ орталығы мен Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы қор.

Хабарламаларға жазылу