«Астана арландары» соңғы турда «Italia Thunder» клубынан ұтылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» соңғы турда «Italia Thunder» клубынан ұтылып қалды

26.04.2015
«Астана арландары» соңғы турда «Italia Thunder» клубынан ұтылып қалды

Дүниежүзілік бокс сериясына (WSB) қатысып жатқан «Астана арландары» топтық кезеңнің соңғы турында сырт алаңда «Italia Thunder» клубынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

52 кг. Мирас Жақыпов – Гаурава Бидхури – 1:2 (47:48, 47:48, 50:45).
60 кг. Роман Шегринов – Донато Кознеца – 0:3 (47:48, 46:49, 47:48).
69 кг. Асланбек Шымбергенов – Адам Патрик – 3:0 (48:47, 49:46, 48:47).
81 кг. Хрвое Сеп – Валентино Манфредонья – 0:3 (46:49, 47:48, 47:48).
91 кг. Филип Хргович – Алессио Спахи – екінші раундта техникалық нокаутпен Хргович жеңді.

14 турдан кейін «Астана арландары» 40 ұпаймен «В» тобында бірінші орынды иеленді. Ал, «Italia Thunder» бокс клубы 27 ұпаймен үшінші орында.

Еске сала кетейік, бұл топтық кезеңдегі соңғы тур. «А» және «В» тобында бірінші орын иеленген клуб тікелей жартылай финалға шықса, екінші және үшінші орын алған клубтар ширек финалдық бәскелерді өткізеді.

Жартылай финалға «А» тобынан «Сuba Domadores», «В» тобынан «Астана арландары» шыққан.

Хабарламаларға жазылу