Ғалымдар: Балтық теңізінің түбінен табылған шөлмектер XIX ғасырдағы шампанның құпиясын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: Балтық теңізінің түбінен табылған шөлмектер XIX ғасырдағы шампанның құпиясын ашты

26.04.2015
Ғалымдар: Балтық теңізінің түбінен табылған шөлмектер  XIX ғасырдағы шампанның  құпиясын ашты

 

Ғалымдар Балтық теңізінің түбінен табылған 150-ден астам шампан шөлмегі  арқылы  XIX ғасырдағы атақты «Вдовы Клико» шампанының  екі  «құпиясын» анықтады.

Реймс университетінің (Франция)  ғалымы Филипп Жанде   әріптестерімен 2012 жылы  Аланд аралдарының жағасындағы теңіз түбінен табылған шөлмектерді зерттеп, бірінші сұрыптағы шампанның дайындалу құпиясын ашқан.

50 метр тереңдікте жатқан кемеден алынған шөлмектердің бір бөлігі Жанде және басқа да сарапшыларға жіберілген. Олар шампанның құрамы мен қашан, қайда әзірлегенін білмек  болған.

Химиялық талдау көрсеткендей, шампан жартылай құрғақ және құрғақ шарап санатына жатады. Ғалымдардың айтуынша, шараптар 1814 жылдары Ресейге жөнелтілмек болған.

Сондай-ақ, құрамындағы металл иондардың көптігіне қарағанда шампан  ұсақ жидектерден жасалғаны және  ағаш бөшкелерде  ашытылғаны  анықталған.

Мұндай әдіс ғалымдарды таңғалдырды. Себебі бүгінде шарап жасаушылар мұндай ыдысты пайдаланбайды.

Шампанның тағы бір ерекшелігі – бүгінде жартылай құрғақ және тәтті шараптарға  қосылатын қант қызылшасының орнын жүзім шәрбатымен ауыстырған.

Бәрінен бұрын осы күнге дейін  шарап бұзылмаған,  құрамында микробтар да табылмаған. 

Зерттеушілер теңіз түбі шампан сақтау үшін қолайлы екенін де  айтады. 

Хабарламаларға жазылу