Каспий теңізінің түбінен және жағалаудан 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий теңізінің түбінен және жағалаудан 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

17.08.2021

Маңғыстау облысында еріктілер Каспий теңізінің түбінен және жағалаудан 3 тоннаға жуық қоқыс жинап шығарды.

Тазалық жұмыстары Ақтау қаласы мен Сайын Шапағатов ауылы аумағындағы жағалауда жүргізілген. Оған 25 адам ат салысты. Еріктілер осы бастама арқылы тұрғындарды тазалық сақтауға, теңізді ластамауға шақырады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу