Винокуров 1995 жылғы Түркия турының құпиясын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Винокуров 1995 жылғы Түркия турының құпиясын ашты

05.05.2014
Винокуров 1995 жылғы Түркия турының құпиясын ашты
«Astana Pro Team» командасының бас менеджері Александр Винокуров 1995 жылғы Түркия турының құпиясын ашты.
 
Аталған жарысты ұйымдастырушылар жақында 1963-2013 жылдар аралығындағы Түркия туры жеңімпаздарының тізімін жасауға бел буған. Алайда, 1995 жылы бас жүлдені кім алғаны туралы ақпарат архивтерде сақталмаған көрінеді. Бұл туралы жарыстың ресми сайты хабарлады.
 
Сол жылы Түркия турына қатысқандардың бірі Винокуров болған. Спортшы ұйымдастырушыларға жүлделі болған адамдардың тізімін жіберген: Андрей Кивилев (бірінші орын), Вадим Кравченко (екінші орын) және Сергей Лаврененко (үшінші орын).
 
Аталған спортшылардың барлығы - қазақстандықтар. Винокуров нақты осы велошабандоздардың 1995 жылы Түркия турының жүлдегерлері болғандарын фотосурет арқылы дәлелдеп те берген.
 
Бір құпия ашылғанымен тізім әлі толық емес. Қазір ұйымдастырушылар 1991 жылғы жарыстың жүлдегерлерін анықтауда.

Хабарламаларға жазылу