Канвон-2024: Бүгін отандастарымыз 2 спорт түрінен сайысқа түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канвон-2024: Бүгін отандастарымыз 2 спорт түрінен сайысқа түседі

29.01.2024

Ал Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына отандастарымыз бүгін екі спорт түрінен сайысқа түседі. 4 спортшы шаңғы жарыстарына, 2 спортшы керлингтен бақ сынайды.

Сайыс Астана уақытымен таңғы 7-де басталды. Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғауға 41 спортшы аттанған болатын. Қазір қоржында 1 алтын, 2 қола бар. Жарыс 1 ақпан күні аяқталады.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу