«Ғасырлар үнінде» - Тәттімбет шығармашылығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ғасырлар үнінде» - Тәттімбет шығармашылығы

17.04.2015
«Ғасырлар үнінде» - Тәттімбет шығармашылығы

Тәттімбет Қазанғапұлы – ұлттық музыка өнерінде жарық жұлдыздай жарқырап өткен күйші-композитор. Ол – қазақ халқының аспапты музыкасында қоңыр күйлердің дәстүрін қалыптастырып, тұтас бір мектептің орнығуына мұрындық болған ұлы күйші.  

Тәттімбет  Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан сал, Жаяу Мұса, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шашақ сынды күйшілермен, Құнанбай, Алшынбай, Ерден, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты ел басыларымен қадірлес, сыйлас болған адам.

Күйшінің бізге «Сарыөзен», «Шайып қалды», «Қосбасар, «Сылқылдақ», «Жетім қыз», «Былқылдақ», «Сарыжайлау», «Азамат», «Бозайғыр», «Азына » т.б.  40-тан астам күйі жеткен.

Тәттімбет – лирикалық композитор. Шығармалары философиялық түйіндермен астасып жатады.  

Ұлы күйшінің шығармаларындағы ерекшелік қандай? Тәттімбет күйлеріндегі сарыннан не аңғарылады? Бүгін 18:10-да «Ғасырлар үнін» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу