Қарағандыда домбыра күні қарсаңында «Күй Аллеясы» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда домбыра күні қарсаңында «Күй Аллеясы» ашылды

27.06.2023

Қарағандыда домбыра күні қарсаңында «Күй Аллеясы» ашылды. Маңайына ағаш отырғызылып, 17 орындық орнатылған. Жақын келсеңіз, бірден күй ойнай жөнеледі.

Мұндағы әр орындыққа әйгілі күйшілердің есімі жазылған. Кетбұға, Тәттімбет, Құрманғазы, Ықылас, Әбди, Сембек, Нұрғиса бабаларымыздың бай мұрасымен осы жерде танысуға болады. Орындықта арнайы сенсор бар. Адам жақындағанда бірден іске қосылады. Сонымен қатар мұнда QR-код орнатылған. Ұялы телефон арқылы күйшілердің өмірбаяны мен шығармашылығы жайында толыққанды ақпарат аласыз. Жоба авторлары – университет ұстаздары мен студенттері .


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу