Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беретін мектебінде 2-4 сынып оқушылар арасында ІІ облыстық математикалық турнир өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Шарада Павлодар облысынан 111 оқушы және көршілес Омбы қаласынан 3 оқушы өз білімін саралады. 37 команданың 12-сі - мамандандырылған мектептен, 17 команда - аудандардан, 4 команда – Павлодардан, 2 команда - Екібастұздан, 1 команда - Ақсу қаласынан келген.
Қазылар алқасының шешімімен командалық біріншілікте ерекше нәтижелері үшін бас жүлде Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің оқушыларына бұйырды.
І дәрежелі дипломмен Екібастұз қаласының № 1 лицей-мектебінің оқушысы Ғалихан Қыдырбаев, Павлодар қаласының № 25 ЖОББМ-ның оқушысы Аида Абкенова, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің оқушысы Лим Владимир, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі, Ақтоғай ауданы Қайырбаев атындағы мектебі, Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі және Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей мектебінің командалары марапатталды.