Павлодарда өтетін «Әлем Барысы» турниріне 30-дан астам елдің палуандары қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда өтетін «Әлем Барысы» турниріне 30-дан астам елдің палуандары қатысады

24.09.2014
Павлодарда өтетін «Әлем Барысы» турниріне 30-дан астам елдің палуандары қатысады

25 қазанда Павлодарда өтетін «Әлем Барысы» халықаралық турниріне 30-дан астам елдің палуандары қатысады.

Бүгінгі баспасөз мәслихатында  айтылғандай, жарыста 90 келіден жоғары салмақтағы палуандар күш сынасады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры - 150 мың АҚШ доллары.

Жобаны «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры, ҚР Қазақ күресі федерациясы және  Павлодар облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр.

 

Хабарламаларға жазылу