Притцкер сыйлығын биыл неміс архитекторы Фрай Отто иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Притцкер сыйлығын биыл неміс архитекторы Фрай Отто иеленді

10.04.2015
Притцкер сыйлығын биыл  неміс архитекторы Фрай Отто иеленді

1972 жылы Мюнхенде салынған олимпиадалық стадион шатырының құрылысы үшін 2015 жылдың Притцкер сыйлығын неміс архитекторы Фрай Отто иеленді. Сыйлықты тапсыру салтанаты 15 мамырда өтеді. 

Нобель жүлдесімен пара-пар Притцкер сыйлығы (Pritzker Architecture Prize)  жыл сайын құрылыс саласындағы жетістіктер үшін беріледі. Марапатты 1979 жылы әлемдік «Hyatt» қонақүйлер желісінің иесі Прицкерлер жанұясы ұсынған. Династияны құрушы - Николай Прицкер (1871-1956). 

Притцкер сыйлығына алғаш бәйге жариялаған оның немересі Джей Прицкер (1922-1999). Сыйлық көлемі 100 мың АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаз жасырын дауыс беру арқылы анықталады.

Айта кетсек, өткен жылы бұл сыйлықты британиялық құрылысшы, дизайнер Заха Хадид иеленді. Оның танымал жобаларының қатарында Германияның Вольфсбург қаласындағы «Phaeno» ғылыми орталығы, «Serpentine» Лондон көркемсурет галереясының ғимараты бар.

Хадид - әлем бойынша бұл марапатты иеленген алғашқы әйел құрылысшы.

Ал, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайы жобасының авторы - Норман Фостер Притцкер сыйлығымен 1999 жылы марапатталған.  

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу