Дмитрий Баландин «Халық сүйіктісі» сыйлығын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дмитрий Баландин «Халық сүйіктісі» сыйлығын иеленді

14.01.2017
Дмитрий Баландин «Халық сүйіктісі» сыйлығын иеленді

«Халық сүйіктісі» сыйлығын табыстау аясында Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин жыл спортшысы деп танылды.

«Барлықтарыңызға алғыс білдіремін. Болашақта Сіздермен бірге бұдан да көп жеңістерге жететінімізге сенімдімін», деді спортшы салтанатты марапаттау шарасында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, сыйлық 24 аталым бойынша табысталады. Жеңімпаздар ел тұрғындарының дауыс беруі бойынша анықталды.

Марапаттау шарасы барысында айтылғандай, дауыс беруге 300 мың қазақстандық атсалысқан.

Хабарламаларға жазылу