«ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы міндетін уақытша Айдар Арифханов атқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы міндетін уақытша Айдар Арифханов атқарады

31.03.2015
«ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы міндетін уақытша Айдар Арифханов атқарады

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы міндетін атқару уақытша Айдар Арифхановқа жүктелді.  

Айдар Арифханов бұған дейін басқарма төрағасының экономика жөніндегі орынбасары міндетін атқарып келген.  

Мұндай шешім компанияның директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында қабылданды, деп хабарлайды 31.kz.

Біздің анықтама:

Айдар Арифханов 1974 жылы 11 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын, 2000 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, 2008 жылы экономикалық саясатты басқару мамандығы бойынша Колумбия университетін тәмамдаған.  

1997-2004 жж. ҚР Қаржы министрлігінде түрлі бөлім және басқарма жетекшісі қызметтерін атқарған.

2004-2006 жж. ҚР Қаржы вице-министрі;

2006 жылдың ақпанынан қараша айына дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсе басшысының орынбасары;

2006-2007 жж. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

2009 жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды;

2009-2010 жж. ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының орынбасары;

2010-2011 жж. «Қазақтелеком»АҚ Басқарма төрағасы;

2011 жылдың мамыр айынан 2015 жылдың 31 наурызына дейін «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарған. 

Хабарламаларға жазылу