Павлодар облысында қатты жылдамдықпен жүретін көліктердің нөмірін жаңа стационарлық бекеттер анықтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында қатты жылдамдықпен жүретін көліктердің нөмірін жаңа стационарлық бекеттер анықтайды

19.03.2015
Павлодар облысында қатты жылдамдықпен жүретін көліктердің нөмірін жаңа стационарлық бекеттер анықтайды

Алдағы уақытта Павлодар өңірінде мемлекеттік нөмірлерді бірдейлендіруге арналған 10 стационарлық бекет орнату жоспарлануда.

Бұл жаңашылдық тәртіп сақшыларына қатты жылдамдыққа әуес тұрғындар тізгіндеген көліктердің номерлерін әп-сәтте анықтауға мүмкіндік бермек.

«Аппараттық-бағдарламалық кешен көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерін анықтап, нөмірлерді мәліметтер базалары бойынша анықтауға мүмкіндік бермек. Жол ережелерін бұзатын машиналардың мемлекеттік нөмірлері бекеттерде фотоға түсіріліп, серверге жіберіледі», - деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, заманауи құралдар автомобиль қозғалысының жылдамдығын радарсыз-ақ, яғни бейнекадрлар арқылы анықтайды.

Хабарламаларға жазылу