Еліміздің біраз өңірінде күн күрт суытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің біраз өңірінде күн күрт суытты

08.12.2023

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде үскірік аяз. Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Астана қаласы, Павлодар, Қостанай, Абай облысында оқушылар онлайн оқыды.

Әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында аяз қатты. Синоптиктердің мәліметінше, бұл өңірдің кейбір аудандарында ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендеді. Осыған байланысты 14 бағыт бойынша қоғамдық және дизельдік отынмен жүретін көліктер үшін жол қозғалысы шектелді.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу